Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023

«Мұз қалашығы еріп жатыр»: Павлодар тұрғындары наразылық білдірді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр. Мұз қалашық пен сырғанақ жасауды мердігер компания бір апта бұрын бастаған. Бірақ жұмыстың азы қалғанда күннің күрт жылынуынан мұз қалашығы ери бастаған. Бұл туралы Egemen.kz Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мұз қалашығы еріп жатыр»: Павлодар тұрғындары наразылық білдірді

«Биыл қыс жылы болатынын синоптиктер алдын-ала болжаған, алайда, ауа райын ешкім ескермеген сыңайлы, қазіргі көрініс – қомақты қаржыны қайткенде де игерудің жанталасына ұқсайды», дейді тұрғындар. Халық шенеуніктердің әрекетін нағыз ысырап деп отыр.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева биіктігі 30 метр сәукеле пішіндес шырша қойып, қаланы безендіруге ұлттық рең береміз деп отыр. Ал қоғам қайраткері Ертай Мәшһүр Жүсіпов бұны бюджет қаржысын оңды-солды шашу дейді.

«Жалпы, қазақ шырша, тал, қайың, емен, бәріне бірдей қарайды. Бұл біздің ұлттық дәстүріміз де, нақышымыз да емес. Сәукеле яки найза қыла ма, қазақта жоқ нәрсені ойлап табу XXI ғасырда ұят тірлік. Бұл бекерге ақшаны рәсуә қылып шашу», дейді қоғам қайраткері Ертай Мәшһүр Жүсіпов.

Халықтың сынынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңа жылға бөлінген қаржыны игеру бойынша тексерісті бастады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25