Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023

Павлодар облысында бірнеше елді мекен атауы қайта аталады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды, деп хабарлайды  Egemen.kz @Pavlodarnews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында бірнеше елді мекен атауы қайта аталады

Фото: @Pavlodarnews.kz

«Бұл бірлескен қаулы мен шешім жобасы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес енгізілді. Елді мекендерді қайта атау мәселесі биыл 23 қарашада облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытындыға ие болды», деді Медет Тауасқан.

Аталған актіге сәйкес Павлодар қаласының Ленин кенті – Атамекен кенті, Железин ауданының Озерное ауылдық округі мен ауылы –  Майлы, Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет, Федоровка ауылдық округі мен ауылы – Томарлы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі мен ауылы –  Әулиеағаш, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады.

Облыстық мәслихат елді мекендердің аталған атауларын бірауыздан қолдады. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25