Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

27 рейс кешіктірілді. Елорда әуежайы уақытша жабылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 рейс кешіктірілді. Елорда әуежайы уақытша жабылды

Фото: pixabay.com

«Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсан 09:00-12:00 аралығында жабық. Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктіріліп жатыр. Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа-райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады», деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі. 

Айта кетсек, бұған дейін қолайсыз ауа райы салдарынан елорда әуежайынан ұшып шығатын 12 рейс пен ұшып келуге тиіс 19 рейстің уақыттары кейінге шегерілген еді.

Ал сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 27 рейс әлі де кешіктіріліп жатыр.

Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің кешігуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушылар әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақты біліп алғаны жөн.

Егер әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға ҚР-ның заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25