Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

«Қайсар» футбол клубының видеооператоры өмірден өтті

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының фото, видео операторы Бауыржан Елденбаев фәниден бақиға көшті. Бұл туралы көпшілікті клубтың баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қайсар» футбол клубының видеооператоры өмірден өтті

Instagram-парақшасында клубтың баспасөз қызметі: «Біздің клуб үшін бүгін қаралы күн. Көпшілікті шедевр дүниелерімен таңғалдырған Бауыржан Елденбаев бақилық болды. Марқұмның ет-жақындарына, бауырларына, жұбайына қайғырып көңіл айтамыз. Соңғы демі қалғанша байланыста болған Бауырдың жұмысқа деген адалдығына бас иеміз. Бақұл бол, Бауыр», деп жазды.

Жанкүйерлер марқұмды футбол ойындарында стадионнан жиі көргенін айтады. Футбол матчтарының есте қаларлық сәттерін бейнежазба, фотоға түсірген оператордың оқыс қазасы ойыншыларға да ауыр тиіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше