Қоғам • 02 Сәуір, 2024

Сенаторлар тасқыннан зардап шеккен өңірлерде жүр

69 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары еліміздің тасқын судан зардап шеккен өңірлеріне барып, жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге көмек беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар тасқыннан зардап шеккен өңірлерде жүр

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатор Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысында апаттан зардап шеккен тұрғындармен, облыстық мәслихат депутаттарымен, өңір басшылығымен кездесті. Онда тасқын суға қарсы іс-қимыл және зардап шеккендерге көмек көрсету тетіктері талқыланды.

Депутат Сергей Карплюк Қостанай облысында гуманитарлық көмек жинау пункттерінде болып, зардап шеккендермен, еріктілермен, құтқарушылармен кездесіп, олардың табиғи апатты жою кезеңіндегі жанқиярлық еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Сенатор Қайрат Тастекеев Абай облысындағы су тасқыны салдарын жою барысымен танысты. Ол өңір басшылығының алдында ел Президенті тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсетудің маңызын атап өтті, сондай-ақ облыс активімен бірлесіп алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу тетіктерін талқылады.

Сенатор Ернұр Әйткенов Павлодар облысындағы табиғи апаттан зардап шеккен аудандарда болды. Ол суды бұру жүйелері жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігіне өңір басшылығы мен салалық қызметтер өкілдерінің назарын аударды.

Солтүстік Қазақстан облысында болған Әсем Рахметова өңірдегі жағдай бақылауда екенін, бірақ  өңірдегі бірқатар елді мекендерге қауіп төндіруі ықтимал еріген судың келуі күтіліп отырғанын хабарлады. Депутат осыған байланысты суды бұру және тасқын суды айдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысында жергілікті әкімдіктер және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерімен бірлесе отырып аудандарды бұдан былай су басудың алдын алуға қатысты мәселелерді шешу үшін өңірлік штабтың жұмысына атсалысты.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024