Ауыл • 05 Сәуір, 2024

Ауылдың шетін су басты

39 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тасқынға қарсы күресте Солтүстік Қазақстан ПД өкілдері күні-түні алдыңғы шепте жүр. Әсіресе олар облыстағы су басқан алғашқы аудандардың бірі Уәлихановта белсенді жұмыс істеп жатыр.

Ауылдың шетін су басты

Фото: ult.kz

Осы ауданның аумағындағы «Көкшетау – Омбы» респуб­ли­калық тас­жолын су басып қалған. Со­нымен қатар осы маңдағы Мортық ауылында бес үйге су кірді. Полиция қызметкерлері осы суды сорғызып және қайта келмес үшін инертті заттары бар қаптарды үюге, су жолдарын тазартып, арықтарды та­залауға көмек­тес­ті. Су кірген үй­лердің тұрғын­да­ры құрғақ алаң­дардарға шығарылып, эва­куа­циялық орындарға жет­кізілді. Дүние-мүліктерін су шаюына жол бермеді.

Аталған аудан аумағындағы «Көктерек – Тоспа – Жасқайрат – Қай­рат» автожолының кейбір учаскелерінен су жүріп кетті. Кейбір жерлерде судың тереңдігі 80 см-ге дейін көтерілді. Сондай-ақ аудандағы облыстық маңызы бар «Кішкенекөл – Золотая Нива» жолының кейбір учаскелері бұзылды. Тәртіп сақ­шы­лары бұл учас­келерде күндіз-түні кезекпен кезекшілікте тұрып, қоз­ғалысты шектеп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр.

Ауданның полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Руслан Әлжановтың айтуына қара­ған­да, аудандағы жағдай тұрақты, құбырлар арқылы су қалыпты жағдайда ағып жатыр. Полиция бөлімінің жеке құрамы ТЖ қызметкерлерімен, әкімдікпен және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп жұмыс істеп жүр.

Бірақ жағаны жайлауға жібе­руге болмайды. Ашық даладан ағылған қарғын суы жерге сіңбей ылдидағы ауылдарға қарай бет түзеп барады. Қулыкөл мен Қаратау ауылына да су жетер ме екен деген қауіп бар. Тілеусай ауылына да терістік жағынан су кіру қаупі туып тұр. Қазір ПД қыз­мет­кер­лері ТЖ өкілдері және жер­гі­лікті тұрғындармен бірге ауыл­дың осы жағына бөгет жасап жатыр.

Тайынша ауданындағы жағ­дай туралы бұрын жазғанбыз. Қо­сымша айтар болсақ, осы аудандағы Бірлік, Теңдік, Лето­вочный ауылдарының тұсындағы автожолдардан су жүріп кетті. Қазір полицейлер жолдарды жауып, жүргіншілерді тоқтатып жатыр.

Кейінгі кезде Константиновка мен Амандық ауылдарын су басу қаупі бар. Тайынша қаласындағы жағдай да алаңдатарлық. Қала­ның шетіндегі көптеген үйге су кірді. Мұндағы Ша­ға­лалы өзені қаланың түбіндегі Зареч­ный ауылына апаратын көпірді шайып кетті. Қазір су шеткі үйлерге де кіріп жатыр.

Тұрғындарды дүние-мүлкін тас­тап, құрғақ эвакуациялық бекет­тер­ге көшіру кезінде көп­теген аңшы адамның оқ атар қарулары да қа­рау­сыз қалып жатыр. Бұл қарулар кейбір санасыз адамдардың қолына тисе, су тасқынының үстіне кри­ми­но­ген­дік жағдай да күрделеніп ке­те­тінін ескерген аудандық ПД қыз­меткерлері аңшылардың мыл­тық­­тарын уақытша тәркілеуді бас­тады. Тайынша аудан­дық полиция бөлімінің бастығы, полковник Нұрлыжан Ақтанов қазір учаскелік инспекторларға аңшы­лар­дың мылтықтарын уа­қытша алу туралы тапсырма берілді деді. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде 35 дана мылтық уақытша жиналып, полиция бөліміне тапсырылыпты.

Петропавл қаласының Жұ­мыс­­шы кентінде де полиция қыз­меткерлері қарғын суға қарсы күресті күндіз-түні жүргізіп жатыр. Олар ТЖ өкілдері және жер­гілікті атқарушы орган­дар­дың қызметкерлерімен бірге бір­неше жердің суын сор­ғы­зып, арықтарды тазартуға кіріскен. Шаруашылық құрал-саймандармен қаруланған по­ли­­ция қызметкерлері кеше түске дейін Красин көшесі мен Ми­хеев­тің 3-ші өтпе жолындағы арықтарды ішінара мұздан тазартты.

Тасқынмен күрес қазір облыс­тың барлық түстік және батыс аудандарында жүріп жатыр. Ғ.Мүсірепов ауданының Рузаев ауылдық округінде 77 үйге су кірді. Барлық күш көшедегі және аулалардағы қарды далаға тасуға жұмылдырылған. Мұнда да ПД, ТЖ өкілдері арықтарды тазалап, судың жол табуына көмектесіп жатыр.

Тұрғындарды көшіруге ауыл­дық округте 2 эвакуациялық бекет да­йын тұр. «Жағдай қиынға айналса біз жергілікті өрт сөндіру бөлі­мінің техникаларымен ха­лықты бекеттерге жет­кіземіз», дейді осындағы жұ­мыс­тар­ды үйлестіріп жүрген облыстық ТЖ бастығының орынбасары Азамат Қабдулин.

 

Солтүстік Қазақстан облысы