Өнер • 09 Сәуір, 2024

Сүйген жар жау болмайды: Танымал айтыскерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ән шырқады

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жыр арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүйген жар жау болмайды: Танымал айтыскерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ән шырқады

Айтыскерлер әнді әлеуметтік желіге жариялады.

- Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп осы тақырыпқа да тоқталдық, – деп жазды айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов.

- Әйелді адам санамайды,

Ессіздер жанын жаралайды.

Дені сау адам сабамайды,

Үйдегі аруды.

Сүйген жар жау болмайды,

Тирандар жар болмайды.

Әйелдер армандайды -

Тыныштық табуды.

Жақсыда жаттық болар ма,

Жаманға көңілің толар ма?!

Ақ келін болып аттандың,

Ақ кебінменен оралма!, – деп әндеткен өнер иелері.

Желі қолданушылары айтыскерлердің бұл бастамасын қолдап, ақжарма лебіздерін білдірді.