Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Өткен айда көпбалалы отбасыларға 40 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,4 мың отбасы қамтылды, жәрдемақының жалпы сомасы 116,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен айда көпбалалы отбасыларға 40 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді

Фото: Владмир Третьяков

Наурыз айында 583,1 мың отбасыға 39,4 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Еске салайық, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.