Таным • 11 Сәуір, 2024

Сәтбаев сәулесі: Қаныштың ғаламшары

66 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеңес одағының еңбек сіңірген астроном ғалымы Николай Черных 1979 жылы 31 шілдесінде ашқан ғалам­ша­рына Қаныш Сәтбаевтың есімін берген.

Сәтбаев сәулесі: Қаныштың ғаламшары

Бұл ұсынысты АҚШ-тың Кембридж қаласындағы Смитсон институтында орналасқан Халықаралық планета орталығы да мақұлдаған. Астрофизиктердің анықтауынша, бұл Марс пен Юпитердің аралығында «Астероид белдеуінде» қоз­ғалады. Яғни Күнді үш жыл, төрт ай мерзімінде толық айналып шығады. Аспан денесінің көлемі шағын. Диаметрі – 11 шақырым. Сыртқы сұлбасы – ойлы-қырлы, бұрышты, түсі – қара сұр. «Данышпанның талайы тасқа айналса, Біздің ағай ұшып жүр Күнді айналып», деп ақын Хамит Ерғалиев жырлағандай, расымен Қаныш Имантайұлының жұлдызы қашанда жоғары.

 

Қаныштың ән аңсары

вп

Сегіз қырлы, бір сырлы Қаныш Иман­тайұлының ән өнеріне де қосқан үле­сі зор. Қазақтың ән-жырын жас­тайынан құлағына сіңіріп өскен ол Жаяу Мұса мен Естайлардың өзінен тікелей сабақ алған.

Медеу Сәрсеке қазақтың Қанышы туралы зерттеу еңбегінде академиктің ән қорында «Қанапия», «Ырғақты», «Бүр­кітбай» сықылды әндер болғанын жазады. Осылардың ішіндегі ең шоқтықты әрі бала жастан сүйіп айтатыны «Бүркітбай» екен. Одан бөлек, 20-жылдардың аяқ шенінде әйгілі музыкатанушы А.В.Затаевич Мәскеу қаласында қызмет істеп жүрген геолог Қаныш Сәтбаевтың айтуымен 25 ән жазып алады. Жинаушы «Жас қазақ инженері Қаныш Сәтбаев Баянауыл әндерінің тамаша білгірі және оларды тәуір орындаушы, ол осы жинаққа әуен бойынша ғана емес, ән мәтіні бойынша да бірқатар құнды дерек беріп, оларды орыс тіліне аударды» деген сипаттама берген.

 

Қаныштың қаламсабы

вап

Қаныштың халқына қалдырған қазба байлығы да, жазба байлығы да аз емес. Оның қаламынан ту­ған «Алгебра» оқулығынан бастап, бірнеше зерттеу еңбегі мен мақа­ласын сөз етсек, біразға кетеміз. Ал бүгінгі айтпағымыз – Қаныш сый­лаған қаламсап жөнінде.

Ғылым жолына шындап берілген Ермұхан Бекмаханов 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғауға Мәскеуге барады. Ғалымның жұбайы Халима Адамбекқызы өзінің естелігінде диссертация қорғалатын залға атақты ғалым Қаныш Сәтбаев кіріп келгенде, орыс ғалымдары орындарынан атып тұрып сәлем бергенін айтады. Осы сәт Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильмінде көрініс тапқан. Сонда Қаныш Халимаға ырымдап, «Мынау Ермұханға менен» деп өзінің қаламсабын сыйлайды. Кейін Ермұхан Бекмаханов та тарих ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғаға айналды.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024