Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды

Қайғылы оқиға 11 сәуірде кешкі сағат 21.00 шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыпты. Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен. Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр, деп хабарлайды КТК.

- Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой, - деді Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Қайрат Әжбағамбетов