Аймақтар • 13 Сәуір, 2024

Атыраудағы Құлсары қаласында 500 үй электр жарығына қайта қосылды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы 500 үйге электр жарығы берілді.

Атыраудағы Құлсары қаласында 500 үй электр жарығына қайта қосылды

Жылыой аудандық электр жүйесі торабының басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, Құлсары қаласында күн сайын 60-100 үй электр жарығына қосылып жатыр.

«Су тасқынына байланысты 5 сәуірде Құлсары қаласындағы 10 шағын ауданда жарық өшірілген болатын. Қазір су баспаған 500 үйге электр  жарығы қосылды. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар орнатылды. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін Құлсары қаласында 4 бригада іске кірісті. Бригадалар құрамындағы мамандар 8 арнайы техникамен тәулік бойы жұмыс атқарып жүр», деді Марат Таңатарұлы.