Ауа райы • 13 Сәуір, 2024

Еліміздің кейбір өңірлерінде әлі қар жатыр: Қазгидромет 19 сәуірге дейінгі ауа райын болжады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің 7 пайыз аумағында қар жатыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің кейбір өңірлерінде әлі қар жатыр: Қазгидромет 19 сәуірге дейінгі ауа райын болжады

«Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 7 пайызды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 13-19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында - 14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14-17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Қатты жаңбыр 13-14 және 16 сәуірде Түркістан облысында, 14-16 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында, 16 сәуірде Жетісу облысында болады деп болжануда», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтайды. Сонымен қатар келесі аптадан бастап еліміздің барлық аумағында күн жылына бастайды.