Ауа райы • 14 Сәуір, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК  14 сәуірге Қазақстан аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: ашық дереккөзден

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелерде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз, Қазақстан Республикасында найзағай, тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі», делінген ақпаратта.