Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Көшеде бұрынғы әйелін ұрып кеткен ер адам жұрт алдында кешірім сұрады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы көшелерінің бірінде бұрынғы әйелін ұрып кеткен ер адам халық алдында кешірім сұрады. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап, қолданушылардың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.

Көшеде бұрынғы әйелін ұрып кеткен ер адам жұрт алдында кешірім сұрады

Фото: видеодан алынған кадр

Жазба авторының айтуынша, соққыға жығылған әйелдің есімі - Салтанат.

Келіншек 11 жылдық некеден кейін ажырасуға бел буып, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп кеткен. Автор келіншектің бұрынғы күйеуі оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатқанын тілге тиек етті.

Александр Ким есімді ер адам бұрынғы әйелі Салтанат пен оның жақындарынан кешірім сұрады. 

«Менің бұл әрекетімді ақтауға болмайды, Салтанатқа қолымды көтермеуім керек еді. Ақталғым келіп тұрған жоқ, тек жағдайға қатысты түсініктеме бергім келіп тұр. Біз 11 жыл бойы бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық, бір-бірімізді жақсы көрдік. Бірге саяхаттадық, жас отбасылар қызығатындай жанұя болдық. Салтанат екеуіміз төрт баланың ата-анасы атандық. Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын. Сондай сәттердің бірінде ажырасып кеттік. Алайда сезім сөнбеді. Күндердің бір күнінде Алматыда кездесеміз деп келістік.

Салтанаттың телефон нөмірін сұрадым. Оның, балаларымның суретін көргім келді. Сол кезде Салтанат бейтаныс жігітпен тұрғанын байқадым. Өзім не болғанын түсінбей қалдым. Қызғанып кеттім. Оның телефонын алып, сындырып жібердім», деді ер адам. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50