Аймақтар • 15 Сәуір, 2024

«Үйіңізді су басуы мүмкін». Орал қаласының әкімдігі үндеу жасады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласының әкімдігі Ресей аумағынан келетін судың мол мөлшері аймаққа 2-3 күнде жетуі ықтимал екенін айтып, дабыл қағып отыр. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарды эвакуациялануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

«Үйіңізді су басуы мүмкін». Орал қаласының әкімдігі үндеу жасады

Фото: ТЖМ

Жайық суының қауіпті көлемі - 8,5 метр. Қазір өзендегі су мөлшері 8 метрге жуықтаған. Ресейден 2-3 күнде келуі ықтимал тасқын суды есепке алсақ Орал қаласын су басу қаупі сақталады. Сондықтан әкімдік өкілдері Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары көшуі қажет екенін ескертті.

«Судың мол көлемі кез келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыздар. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 8-711-2-24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Эвакуацияны қазірден бастаңыз», деп хабарлады әкімдіктегілер.