Спорт • 15 Сәуір, 2024

Ислам Байрамуков Алматыдағы спорт колледжінің директоры болып тағайындалды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам Ілиясұлы Байрамуков Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ислам Байрамуков Алматыдағы спорт колледжінің директоры болып тағайындалды

фото: Туризм және спорт министрлігі

Ислам Байрамуков – қазақ еркін күресшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері.

1971 жылы Жамбыл облысы, Каменка ауылында дүниеге келген.

Республикалық олимпиадалық резерв училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын (1993), дене шынықтыру және спорт мұғалімі (1993) бойынша бітірген.

1993 жылдан 2004 жылға дейін - РГКП «Ұлттық құрамалар және спорттық резерв дирекциясы» спортшы-нұсқаушысы.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (қаржы және экономика) (2005) бітірген.