Тағайындау • 15 Сәуір, 2024

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейбіт Шаханов Алматы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Сонымен қатар Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын, Ланкастер университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Осы жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарған.

2015-2022 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істеген. Алматы құрылыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.