Есірткі • 16 Сәуір, 2024

22 жастағы қыз Алматы облысында есірткі зертханасын ашып алған (видео)

2198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында синтетикалық есірткі шығаратын ірі зертхана жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 жастағы қыз Алматы облысында есірткі зертханасын ашып алған (видео)

Жетісу облысының Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысының Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі заттарын өндірумен айналысқан 22 жастағы қыздың жеке басы анықталды», деді облыстық Полиция департаментінің басшысы Сарқытбай Құсайынов.

Саяжайды тінту кезінде 44 келіге жуық мефедрон мен 2 келіге жуық синтетикалық пирролидиновалерофенон – @PVP заты, реагенттер мен есірткі өндіруге қажетті заттар, сондай-ақ 28 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.

Полицияның мәліметінше, аталған зертханада өндірілген есірткі заттары Қазақстан аумағында Telegram мессенджері арқылы сатылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

" height="314" width="560">