Футбол • 16 Сәуір, 2024

«Каспий» Жаңаөзенде жеңіске жетті

61 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңаөзендіктер өз алаңында үлкен футбол ойнына жанкүйер болып, тамаша әсерді бастан кешті.

«Каспий» Жаңаөзенде жеңіске жетті

Мұнайлы қалада ашық футболдан алғаш рет өткен жарыста, яғни QFL бірінші лигасы аясында өткен ойында ақтаулық «Каспий» фут­бол клубы өскемендік «Ал­тай» ко­мандасын қабылдады. Жаңа­­өзен қаласындағы Әмин Тұя­­қов атындағы стадион жан­күйер­лерге лық толып, жи­ыл­ған мыңдаған жанкүйер жер­лестеріне зор қолдау көр­сетті. Жанкүйерлердің ыстық ықы­ласы текке кеткен жоқ, ойын нәти­же­сінде «Каспий» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

– Бірінші лигаға дайындықты ақпан айынан бастаған едік. Бұл – «Каспий» клубының жыл басынан бері екінші ойыны. Ал­ғашқы ойын Арыс қаласында өтіп, же­ңіспен оралғанбыз. Дәл сол нә­тижені бүгін көрсеттік, – дейді «Каспий» футбол клубының басшысы Нұржан Жалғасбаев.

Ойын соңында екі команданың өкілдері баспасөз конференциясына қатысып, бүгінгі лига туралы пікірін бөлісті. Ал­дағы уақытта «Каспий» футбол клу­бы­ның өз жерімізде болатын жа­рыс­тарының барлығы Жаңа­өзен­де өтеді, сондай-ақ қала­да үл­кен футбол ойнының өтуі­не қолдау көрсеткен қала әкі­­мі Жан­­сейіт Қайнарбаев Жаңа­өзен­де «Каспий» футбол орта­лығы бөлімшесін ашуды қол­дайтынын жеткізді.

– 32 жылдан кейін қаламызға үлкен футбол қайта оралды. Мен осындай жоғары дең­гей­дегі жарысқа алғаш рет келіп тұр­мын. Өте қатты ұнап жа­тыр. Атмосферасы тым бө­лек. «Каспий» футбол клу­бының жан­күйерімін. Ме­нің жа­нымда достарым да бар. Барлығымыз ақтаулық коман­даға сенеміз. «Каспий», алға! Спорт­шы­ла­рымыз жақсы ойын көр­сетіп жатыр. Әрі қарай да үлкен же­ңістер күтеміз. Бүгінгідей жарыс­тар Жаңаөзенде көбейсе, жан­кү­йер ретінде қуанамыз, – дейді жан­күйер Ернар Нұр­ланұлы.

Мұнайлы қала алаңында футбол тамашалаған жаңаөзендік жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Жастардың қы­зығушылығын арттырып, бос уақытын маңызды өткізуі үшін бұқаралық сипатқа ие футбол сынды спорт ойындарын, сайыс­тарын өткізудің маңызы зор.

 

Маңғыстау облысы