Пікір • 18 Сәуір, 2024

Қасиетсіздікті қатаң тыю

57 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық – кең тараған жат қылық. Оған физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зор­лық-зомбылық жатады. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбы­лық үшін қатаң жазаға тарту мәселесі қашанда қоғам назарында.

Қасиетсіздікті қатаң тыю

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Әрбір үшінші отбасына тұрмыс­тық зорлық-зомбылық деректері болып жатыр. Мұндай статистикалық мәліметтер, отбасы ісі жөніндегі сарап­шылардың пікірі, петиция, митингтермен дәлелденіп, дәйек­теліп отырды. Қабылданған заң – адамдардың құқықтары мен ер­кін­дігін қор­ғауға әрі мемлекетті демо­кратияландыруға бағытталған қадам.

Еліміздің 12 өңірінде 19 дағдарыс орталығы бар. Ор­та­лықтың негізгі мақсаты – тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа тап бол­ған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету. Бұл салада 25 жылдан бері қызмет етіп келемін. «Әйел­дердің құқықтары мен бала­лар­дың қауіпсіздігі» заңының құры­луына біз де қатысып, жұмыс тобында болдық. Енді заң аясында отбасындағы зорлық-зомбылық, әйелге немесе балаға қол көтеріп, күш жұмсау әкімшілік істен қыл­­мыстық іске көшірілді. Егер қыл­мыстық іс қозғалса, онда зорлық көрсетуші бас бостандығынан айырылады, оған айыппұл салынады. Осы тұрғыда зорлық көрсетушіге айыппұл емес, оны сотталу мерзіміне басымдық берілгені дұрыс болды. Себебі бұл отбасылық қаржыға да байланысты.

Сондай-ақ құжат негізінде соттың шешімімен зорлық көрсетуші адамдар психологиялық коррекциядан өтуі мүмкін. Заң аясындағы бұл тәжірибенің қа­лай іске асырылатынын бақы­лайтын боламыз. Дағдарыс орта­лық­тарында отбасылық зорлық-зом­бы­лықтан зардап шеккен әйел­дерге психологиялық көмек пен білікті заңгерлер кеңес береді. Орталықта қажетті барлық көмек көзі қарастырылады. Орталық соңғы 5 жылда осы мәселе аясында арнайы сараптама мен мониторинг жүр­гізеді. Дағдарыс орталықтары ауыл тұрғындарымен де етене байланысып, оларға да көмек көрсете алады.

 

Зүлфия БАЙСАҚОВА,

Дағдарыс орталықтары одағының басшысы