Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

Қызыл сумен күрес: қазіргі ахуал қандай?

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі әр сағаттың басында су тасқынына байланысты жағдайды баяндау үрдісін жалғастырып жатыр. ОКҚ алаңында өткен брифингте ведомствоға қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш қазіргі жағдай туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Қызыл сумен күрес: қазіргі ахуал қандай?

Фото: ТЖМ

Бүгінгі күнге дейін су басқан облыстарда 10,1 млн м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан су басқа бағытқа бұрылды.

Жедел желі телефонына 1 932 қоңырау түсті.

Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Олар СҚО-ның Подгора, Прибрежное және Бескөл ауылдарында тұрғындар мен жануарларды тасымалдау, эвакуациялау, тамақ өнімдерін жеткізу, сондай-ақ басқа де жұмыстарды жалғастырып жатыр. 

Шымкент қаласының құтқарушылары Атырау облысы Құлсары қаласына жетіп, тәулік бойы су тасқынымен күресіп жүр.

Ал Орал қаласында саяжай учаскелерінен тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Қызылорда облысының құтқарушылары 100-ге жуық адамды эвакуациялап, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшірді.

Сонымен қатар Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан еді. Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден су айдалып жатыр.

Су тасқыны басталғалы бері Жылыой ауданында:  

  • 731,300 текше метр су сорылды;
  • 245 000 топырақ және 397 000 тонна инертті материал төселді.