Технология • 18 Сәуір, 2024

Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды оңай есептейтін жаңа сервис әзірледі. Өтемақы бойынша өтініштерді қабылдауға арналған сервис 17 сәуір күні іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді

Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Күні кеше іске қосылған жаңа қызмет су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірдегі азаматтарға қолжетімді. Тұрғындар енді тікелей «eGov mobile» қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады.

Бұл қызметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп әзірледі.

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, тиісті батырманы таңдау жеткілікті.

Министрлік өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ екенін, ақпарат автоматты түрде есепке алынатынын айтты.

аа