Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Табиғи апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созғандар саны артты

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлер мен ірі компанияларға су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуді тапсырған еді. Осы орайда Maqsut Narikbayev University Президенттің бастамасын қолдап, қиын жағдайға тап болғандарға тікелей көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Табиғи апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созғандар саны артты

«Отандық бизнестің барлық өкілдерін осы жауапты сәтте шетте қалмауға және адамдарға көмек қолын созуға шақырамын. Табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсету қажет. Бүгінде бұл бәріміз үшін ортақ міндет», деді Мемлекет басшысы 1 сәуірде өткен республикалық штаб отырысында.

Maqsut Narikbayev University бұл үндеуге белсенді атсалысып, табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржылық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына қомақты қаражат бөлді.

Ал MNU студенттері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп Қостанай және Атырау өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберді.

Сондай-ақ университет су тасқынынан зардап шеккен студенттерді оқыту үшін 10 грант бөлуге ниетті екенін хабарлады. Оған қоса грант иегерлеріне қосымша қолдау көрсету мақсатында студентер үйінен кезектен тыс орын бөлу туралы ұсыныс қолдау тапты.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинау жұмыстары одан әрі жалғасады.

г

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024