Аймақтар • 20 Сәуір, 2024

Шымкентте скутер мен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте автобуспен соқтығысқан скутер жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте скутер мен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 16:30-да Гагарин көшесінде болды.

Апат куәгерлерінің айтуынша, шамамен 50 жастағы скутер жүргізушісі рульдің істен шығуына байланысты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін бірден шақырған.

Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмектесе алмады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Апат кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ.

Жол-көлік оқиғасынан кейін скутер мен автобус жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталғанға дейін тұраққа жіберілді.