Спорт • 21 Сәуір, 2024

Париж Олимпиадасы: жолдама алды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия лицензиялық турнирінде грек-рим күресінен қазақтың екі балуаны Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Яғни қоржынға 45,46-ыншы жолдамалар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж Олимпиадасы: жолдама алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (77 келі) Оңтүстік Корея балуанын 5:2 көрсеткішімен ұтып, Франция астанасы Парижде өтетін биылғы басты додаға жолдама жеңіп алды. Бұл ел қоржынына түскен 45-інші жолдама.

Сондай-ақ аталған турнирде Әлімхан Сыздықов (130 келі) қырғыз балуаны Роман Кимді жеңді. Осылайша Қазақстан қоржынына 46-шы Париж Олимпиадасының жолдамасын салды.

Естеріңізге салайық, осыған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Тайпей өкілі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Жуи Чи Хуангтан басым түсіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған еді.