Оқиға • 22 Сәуір, 2024

Алматыда педофил ұсталды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жасөспірім қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда педофил ұсталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz редакциясына 20 сәуірде қаладағы паркингтердің бірінде 13 жастағы қыздың зорланғаны туралы хабар келіп түскен.

Алматы полициясының хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі «Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», деді полиция қызметкерлері.