ПЕТРОПАВЛ. 5 қаңтар. Есіл ауданындағы Жарқайың ауылында жаңа мешіт халық игілігіне тапсырылды. Бұл туралы «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алла тағаланың жердегі үйін осы ауылдың тумасы, бүгінде Алматыда тұратын жеке кәсіпкер Дулат Қалитов өз қаражатына тұрғызды. Ғибадатхананың салтанатты ашылуына «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, аудан әкімі Мұратбек Әбішев Алматыдан, Астанадан қонақтар, ауыл тұрғындары қатысты.
Жарқайың ауылында алғашқы мешіт 1853 жылы салыныпты. Оны ашуға Данияр би Оразұлы деген ақсақал мұрындық болыпты. 1930 жылы құлшылық орны бұзылып, мектепке айналдырылыпты.
– Мешіт салудағы ниетім дәулетімді көрсету емес, керісінше, ауыл жұрты мешітсіз қалмасын деген ойдан туған еді. Биыл кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмын», – дейді жеке кәсіпкер Дулат Қалитов.
Ғибадатхана құрылысын толығымен өз мойнына алған ол қажылық парызын өтеп келіпті. Мекке-Мәдинаға жасаған сапарынан ала келген Құран Кәрім мен жайнамазды мешітке тарту етті. Әруақтарға дұға бағышталып, ас берілді. Бір жарым жылдың ішінде салынып, пайдалануға берілген ғибадатханада кітапхана, асхана жұмыс істейді.
Қазіргі күні өңірдегі мешіттер саны 67-ге жетті.
Өмір Есқали.
Дерек: «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Сурет: muftyat.kz.
• 06 Қаңтар, 2015
Солтүстікқазақстандық кәсіпкер мешіт салып берді

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29