Баға • 24 Сәуір, 2024

Бензин мен дизель бағасы өзгере ме?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағындары мен «сұр» экспорт тәуекелін азайту мақсатында Энер­ге­тика министрлігі ав­то­көліктің тұтыну көле­мі мен шығу тегіне байланысты АИ-92,
АИ-93 бензині мен дизель оты­нына нақтыланған ба­ғалары бар бұйрық жо­ба­сын дайындады.

Бензин мен дизель бағасы өзгере ме?

Бұйрық жобасында АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді деп болжанады. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде баға литріне 205 теңге қалпында өзгеріссіз қалады. Елімізде бе­ріл­ген мотоцикл, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға жүргізуші куәлігі мен көлік құ­ралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған кезде тәулігіне 300 литрге дейін – литріне 205 теңге көлемінде.

Құжатта дизель отынының бағасы (жазғы, маусымаралық) литріне 315 теңгені құрайды деп болжанады. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсетсе литріне 295 теңгеден тәулігіне 100 литрге дейін алады. Сонымен қатар жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейін – литріне 295 теңгеден алады.

Бұйрықтың жобасы бар­лық мүдделі тараптардың тал­қылауы мен ұсыныстары үшін «Ашық НҚА» сайтында жария­ланды.