Әлем • 24 Сәуір, 2024

Ресейде Қорғаныс министрінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Ресейде Қорғаныс министрінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

«РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабының 6-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен (пара алу) РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Владимирович Иванов ұсталды», делінген TFR телеграм каналы жариялаған хабарламада. 

Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бұл іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Ресей Президенті Владимир Путинге Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановтың  ұсталғаны туралы алдын ала хабарланған», деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Иванов Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін басқару, әскерлерді орналастыру, тұрғын үй және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты болған.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48