Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Оралдық оқушылар Аралда оқиды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арал аудандық білім бө­лімі мамандары Қа­­за­­лыдағы те­міржол бекетінен Батыс Қазақстан облы­­сынан келген 103 баланы қар­сы алып, «Қамбаш» балаларды са­уық­­тыру орталығына орналастырды.

Оралдық оқушылар Аралда оқиды

Аудандық білім бө­лі­­­мі­­нің басшысы Са­­ни­ра Жан­на­за­ро­ва­­ның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірден келген 5-9 сы­нып оқушылары 10 күн бойы орта­лықта білім алып, демалады. Олар­ды ауданның тарихи мәдени орын­дарымен таныс­тыру да жос­пар­ланып отыр. Оқушыларды 10 жетекші, 1 медбике бастап келіпті.

«Бұл Оқу-ағарту министр­лі­гінің жобасы аясында жүзеге асып, жергілікті кәсіпкерлер демеушілік танытып отыр. Балалар үшін барлық жағдай жасалды. Күніне 5 мезгіл та­мақтанады. Он күнде оқу­мен қатар олардың бос уа­қы­тында түрлі спорттық, шы­ғар­машылық іс-шаралар ұйым­дас­тырылады», дейді білім бөлі­мінің басшысы.

Сауықтыру орталығы оқу­шы­ларға бірден ұнапты. Оларға аудан мектептерінен арнайы дайын­далған мұғалімдер сабақ береді. Ал бағаны «күнделік.кз» плат­фор­масына балалармен бірге келген жетекшілері қояды.

 

Қызылорда