Қоғам • 25 Сәуір, 2024

«Ұл бала үшін 20 мың доллар береді». Жәнібекті асырап алған анадан ақша алған әйел тергеліп жатыр

7188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы Жәнібек Савельевтің оқиғасына байланысты соңғы жаңалықтарды бөлісті. Бағдарлама авторы Қымбат Досжан Жәнібектің асырап алған анасы Валеримен түсірген сұхбат-видеосынан кейін желі қолданушылары тарапынан сұрақтар жиілеп кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Ұл бала үшін 20 мың доллар береді». Жәнібекті асырап алған анадан ақша алған әйел тергеліп жатыр

Фото: www.astanatv.kz

Желі қолданушылары осы жазбадан кейін «ақша алған адам, әйелдің есімі, оның немен айналысатыны, жасы белгілі екен, онда неге Жәнібектің анасы табылмай жатыр» деген мазмұндағы сауалдарын қарша боратқан. 

Қымбат Досжан бұл мәліметтер осы жылдың басында, 7 қаңтарда анық болғанын айтты. Редакция мұндай ақпаратты Жәнібекті асырап алған Валериден білген. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық істі Арқалық облыстық Полиция департаменті тергеп жатыр. Сәйкесінше, Валериден ақша алған әйел де тергеп-тексеріліп жатыр. Журналист тергеу мүддесіне сай басқа мәліметті жариялауға құқы жоқ екенін айтты.

«Ол әйел 2004 жылы ақша алған кезде Арқалықта жұмыс істеген. Алайда барлықтарыңыз ойлағандай перзантханада не балалар үйінде жұмыс істемеген. Тіл білетіндіктен аудармашы болған. 12 мың доолларды қолынан санап алғанда Жәнібекті асырап алған анасына «сіз аз беріп тұрсыз, америкалықтар ұл балаға 20 мың доллар береді» деп айтқанын Валериден естідік», деді Қымбат Досжан.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024