Есірткі • 25 Сәуір, 2024

Алматы тұрғынының үйінен есірткі қоймасы анықталды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғынының пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы тұрғынының үйінен есірткі қоймасы анықталды

Фото: polisia.kz

Әуезов ауданының тұрғыны пәтерінде «героин» есірткі затын қолдану үшін қойма ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. 

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәркіленген заттарды жойды.  

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25