Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Су тасқыны: ҚазҰУ 10 млн теңгенің көмегін көрсетті

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті су тасқыны болып жатқан Батыс Қазақстан облысына 5 млн теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ су тасқынынан үйлері зардап шеккен 50 студентке 100 мың теңгеден жәрдемақы тағайындады. Жиналған көмектің жалпы соммасы 10 млн теңгені құрады.

Су тасқыны: ҚазҰУ 10 млн теңгенің көмегін көрсетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен оқу ордасының базасында арнайы қайырымдылық пункті ашылған еді. Акцияға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушы жастар белсенді атсалысты.

Гуманитарлық көмек тізімінде жаңа киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, карематтар, бұзылмайтын тағамдар, ауызсу, төсек-орын жабдықтары, резеңке етіктер мен қолғаптар және тағы басқа қажетті заттар бар.

Э.СерікқызыОның ішінде 250 қалың төсеніш, 500 көрпе, 300 жастық, 700 сүлгі, 400 кір сабын, 500 литр сұйық сабын бар. Сондай-ақ 1 300 келі макарон өнімдері, 200 келі қарақұмық, 500 келі күріш, 200 келі қант сияқты ұзақ сақталатын тағам түрлері жөнелтілді.

Үйлері суға кеткен және қалпына келтіруге жарамсыз студенттерді қолдау қаражаты жеке шоттарына аударылды.

 

АЛМАТЫ