Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Балқашта су деңгейі көтерілді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың басынан бері Балқаш көлінде су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілді. 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті, деп жазады Egemen.kz.

Балқашта су деңгейі көтерілді

Фото: Ашық дереккөзден

Балқаштағы су деңгейінің көтерілуіне трансшекаралық Іле өзенінен келген су әсер еткен. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберілді.

«Балқаш көлінің су деңгейін анықтау үшін 4 су бекетінде бақылау жүргізіледі. Осы жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша Балқаш көлінің ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде тіркелді. Мұнда су деңгейі 210 сантиметрге жеткен. Ал көлдің ең төменгі деңгейі - 140 см, Қарақұм су бекетінде белгіленді. Балқаш бекетінде су деңгейі - 177 см, Мыңарал бекетінде 167 см құрады», делінген Су ресурстары және ирригация министрлігі таратқан хабарламада.