Оқиға • 26 Сәуір, 2024

«7 жылға сотталуы мүмкін»: Қостанайда зейнеткер екі полицейді қағып кетті

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық ауылында болған. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

 

«7 жылға сотталуы мүмкін»: Қостанайда зейнеткер екі полицейді қағып кетті

Фото: pixabay.com

Жол қозғалысы ережесін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғыны көлігін жергілікті полиция бөлімінің аумағына қойған. Ескерту жасаған екі полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған зейнеткер екі полицейді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасаламақ болған.

Облыстық ІІД хабарлауынша, құқық бұзушы ұсталды. Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.