Өткен жылдың соңында ел газеті «Егемен Қазақстанның» 95 жастың төріне көтерілген тойы аталғанынан оқырман қауым хабардар. Мерейтой қарсаңында басылымның бір топ қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күндерінде тағы бір жақсы жаңалықтың хабары жетті: «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен «Баспасөз бен ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» («За заслуги в развитии печати и информации») белгісімен марапатталды. Парламентаралық Ассамблеяның Төрайымы – Ресей Федерациясы Федералдық жиналысының Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко қол қойған №10 куәлік пен белгі С.Абдрахмановқа кеше Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында табыс етілді. Награданы тапсырған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы марапатты иеленген тұңғыш қазақстандық журналист болып табылатын С.Абдрахмановты еңбегінің халықаралық деңгейде биік бағалануымен құттықтап, белгілі публицистің жарияланымдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септесетінін атап өтті.
Парламентаралық Ассамблея ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламенттік делегацияларынан құралады. Оның қызметін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі ұйымдастырып, үйлестіріп отырады. ПАА-ның басты міндеті – ТМД елдерінің заңнамаларын қалыптастыру және жақындастыру. Қызметі барлық мемлекеттердің құқықтарын құрметтеуге құрылған, бүгінде беделді халықаралық құрылымға айналған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының сан-салалы жұмысы С.Абдрахманов басшылық ететін «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде де, журналистің өз мақалалары мен репортаждарында да тиісті деңгейде көрсетіліп келеді. Олардың көбі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен жарық көрген «Қашаған құрықтаған Қазақстан» жинағында топтастырылған болатын.
«Егемен-ақпарат».
Суретті түсірген
Аманқұл ДҮЙСЕНБАЕВ.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30