Спорт • 26 Сәуір, 2024

Соңғы лицензиялық турнир: Түркияға аттанатын балуандар белгілі болды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стамбулда еркін күрестен өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын Қазақстан балуандары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы лицензиялық турнир: Түркияға аттанатын балуандар белгілі болды

Фото: sportqazaq

Мәліметтерге сүйенсек, соңғы турнирде еркін күрес бойынша белдесетін балуандар саны үшеу:

  • 57 келі салмақта - Рахат Қалжан;
  • 65 келі салмақта - Адлан Асқаров;
  • 74 келі салмақта - Талғат Сырбаз.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады.

Еске сала кетсек, еркін күрестен Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев, сондай-ақ Сербияда өткен әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының жолдамаларын қаңжығаларына байлаған еді.