Фото: Pixabay.com
«Қазгидромет» ұсынған мәліметке сәйкес, Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C шамасында болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C ыстық болады.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C болады.
Жалпы мамыр айында ауа райы құбылмалы болатыны туралы жазғанбыз.
Ақтауда жаңбыр мен найзағай болжанған. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +18…+20°C болады.
Атырау мен Қызылордада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екі өңірде де желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Атырауда күндіз +28…+30°C, Қызылордада +25…+27°C ыстық болады.
Тараз бен Түркістанда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түркістанда күндізгі ауа температурасы +26…+28°C-қа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда жауын-шашын күтілмейді. Алайда жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +30…+32°C-қа дейін ысиды.
Солтүстік және шығыс өңірлерде күн құбылмалы бұлтты болады. Павлодар, Семей және Өскеменде түнгі температура +1…+3°C-қа дейін төмендейді. Ал күндіз +13…+20°C аралығында болады.
Жалпы, синоптиктер тұрғындарға қатты жел мен найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы