Фото: Ашық дереккөз
Қыздар видеоүндеуде болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндаған. Оқиғадан кемінде төрт тәрбиеленуші зардап шеккен.
Жәбірленушілердің айтуынша, бапкердің өзі қыздарды үйіне жеке шығарып салатын болған. Жолай көлікте жыныстық сипаттағы әрекет жасауға ұмтылған. Бұдан бөлек ол жаттығу кезінде салмақ қуу үшін ингаляторы бар масканы қолданған. Соның салдарынан қыздардың басы айналып, өздерін жиі жайсыз сезініп жүрген. Бұл жағдай 2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасқан.
Бұған дейін қылмыстық іс тоқтатылып, кейбір заттай дәлелдемелер күдіктінің өзіне қайтарылған. Сонымен қатар ақпан айында тергеу бабы өзгерген. Алғашында іс зорлық әрекеттері бойынша қозғалған болса, кейін ол 16 жасқа толмағандарға қатысты жыныстық тиісу бабына ауыстырылған.
Бастапқы бап бойынша бапкерге 8 жылға дейін жаза қарастырылса, жаңа бап бойынша ең жоғары жаза 50 тәулікке дейін қамаумен шектеледі.
Бұған дейін продюсерімнен зорлық-зомбылық көрдім деген актер Нұрғали Нұғман туралы жазған едік. Аталған жайтқа байланысты ІІМ тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.