Қоғам • Бүгін, 12:00

Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады

2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар құрылысы жоспарлы түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі жаңа әуежайдың құрылысы аяқталады

Фото: Gov.kz

Нысандар туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Үкімет отырысында жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндады.

Зайсан әуежайы бойынша дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Әуеайлақ бөлігінің құрылысы толық көлемде аяқталды. Қазіргі уақытта ғимараттар салу, инженерлік инфрақұрылым тарту, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты

Катонқарағай әуежайының дайындық деңгейі 55%-ды құрайды. Жасанды ұшу-қону жолағының асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу, ғимараттар салу, инженерлік желілер жүргізу, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасып келеді. Нысанды тапсыру қыркүйек айына жоспарланған.

Осы жылы екі аэродромды да толық пайдалануға беру және сертификаттау күтіліп отыр.

«Әуе компанияларын тарту және маршруттық желіні қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа әуежайлар бойынша бірінші кезеңде Өскемен, Алматы және Астана қалаларына ішкі әуе қатынасын ұйымдастыру, кейіннен халықаралық бағыттарды пысықтау жоспарланып отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру жолаушылар ағынын жылына 100 мың жолаушыға арттыруға – 700 мыңнан 800 мың жолаушыға дейін, заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға, ішкі және сырттан келу туризм саласына инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді облыс әкімі.

Осыған дейін Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстерін ашу мерзімдері белгілі болғандығы жөнінде хабарладық. Үкімет отырысында бұл мәселені Олжас Бектенов көтеріп, халықаралық бағыттардың кешігу себебін сұрады.

Соңғы жаңалықтар