Таным • 26 Сәуір, 2024

Ғалам ғажаптары: Айға баратын робот

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«NASA» ғалымдары айдағы шаң-тозаңнан қорғайтын құрылғы жасап шығарды. Қазіргі таңда мамандар роботты Айда өз бетімен әрекет етуге икемдеп жатыр.

Ғалам ғажаптары: Айға баратын робот

«Спирит» деп аталатын робот ғалам­шар бедерін сезінуге қауқарлы. Ол бұған дейін Калифорнияның құмды жағасы мен Орегондағы тауларда жүріп, біраз машықтанған еді. «NASA» компаниясы көбірек робот өндіру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлген. Мақсат – Айға бір топ құлтемір жіберу. «Бұл роботтар ғалымдар үшін ыңғайлы көмекші болады. Мұндай жұмыс алғаш рет қолға алынып отыр. Робот өздігінен қозғалып және қадам басқан сайын жаңа ақпарат жинауға тиіс», дейді электртехника және компьютерлік инженерия профессорының ассистенті Фейфей Цянь.

 

Беймәлім теңіз жануары

ап

Ғалымдар Жаңа Зеландия жаға­лауында теңіз жануарының жүзге жуық жаңа түрін тапты. Биолог мамандар зерттеу жұмысын Тынық мұхиттың оңтүстігіндегі Баунти аралдарында 20 күндей жүргізген.

Теңіз астынан ұлу, маржан рифтері мен балық сияқты тіршілік иелерінің бірнеше түрі табылды. Олар шамамен 5 мың метр тереңдікте өмір сүреді. Жаңа Зеландиядағы тіршілік көзі алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Осы уақытқа дейін ғалымдар тұтас аймақты зерттей алмай келген еді. Сол себепті экспедиция мүшелері тереңдікті картаға түсіру үшін теңізге қашықтан басқарылатын суасты құрылғысын жіберген. Қазір теңіз жануарларын арнайы мамандар әрі қарай зерттеу үшін бақылауға алды.

 

Жаңа ғаламшар

ва

Ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштер бар. Ол ережені 2006 жылы Прага қаласында Халық­аралық астрономиялық одақ мәслихатында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном бекітті.

Ғалымдар ашқан тағы бір үлкен жаңалық – Жерден 137 жарық жылы қашықтықта жаңа ғаламшар анықталды. Зерттеушілердің айтуынша, өлшемі біздің планетадан бір жарым есе үлкен ғаламшар шамамен 6 жарым мил­лиард жыл бұрын пайда болған. «Жаңа ғаламшардың ерекшелігі – адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы», дейді мамандар. Өйткені зерттеулер онда су сұйық күйінде сақталатынын көрсеткен. Енді ғалымдар Уэбб телескопының көмегімен жіті тексерулер жүргізуді көздеп отыр.