Аймақтар • 29 Сәуір, 2024

Атырау облысында 250 тонна пішен өртеніп кетті

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында шаруа қожалығының 250 тонна пішенін жалын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 250 тонна пішен өртеніп кетті

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өрт 5 сағаттан соң сөндірілген.

«Кеше кешкі мезгілде Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде шаруа қожалығының 250 тонна пішені өртенді. Пішеннің 200 шаршы метр аумақта жиналып тұрғаны анықталды. Жалын кеше, 28 сәуірде түнгі сағат 23:30-да оқшауланып, бүгін таңғы сағат 04:30-да толықтай сөндірілді», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жалынды сөндіруге Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің 9 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органнан 5 ерікті, 3 техника, ауылдың 10 тұрғыны тартылған.