Тұлға • 30 Сәуір, 2024

Мұхаметжан Тынышбаев есімі қайта жаңғырды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Логистика және көлік ака­демиясына Алаш қай­раткері Мұхамет­жан Тыныш­баев есімі қай­та берілді. Бұл – тау тұл­ғаның ту­ға­ны­на 145 жыл толуы­на орай жарияланған жа­ғымды жаңалық.

Мұхаметжан Тынышбаев есімі қайта жаңғырды

Іргетасы осыдан 93 жыл бұ­рын қаланған Алматы қала­сын­дағы аталған оқу орнының Тәуелсіздік жылдары М.Тынышбаев есімі­мен атау тегіннен-тегін емес. Өйткені елімізге бел­гілі Алматы теміржол ин­же­нер­лері инс­титуты талай жыл үзі­ліс­сіз осы сала­да білікті маман даяр­лап келді. Ал  Мұ­ха­мет­­жан Тынышбаев – қазақ­тан шыққан тұңғыш темір­жол қатынастарының ин­­же­нері, Алаштың танымал тұл­ғасы. Сондай-ақ ол – 1917 жы­лы құрылған Түркі­стан автономиясы­ның тұң­ғыш премьер-министрі. М.Тынышбаев – Түркі­стан – Сібір магистраль жобасын жасап, жүзеге асырған инженер.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен осы оқу орнының ресми мәліметінде М.Тынышбаев есімі университетке 2000 жылы 23 мамырда беріліп, белгісіз себеппен 2021 жылы өзгергені (алынып тасталғаны) жазыл­ған. Айтқандайын, «Egemen Qazaqstan» газеті 2024 жылы 10 сәуір­де «Тұрар Рысқұлов­тың есі­мін университетке қай­та­ру –  көптің қалауы» атты көкейкесті мақала жар­ия­лап, «Нархоздағы» ономас­ти­ка­лық жүйесіздікті сынаған еді. Қай­раткер М.Тыныш­баев есімінің қайта жаңғыруы – аталған оқу ор­ны мен сала басшы­лығы­на ой салады деп үмітте­неміз.

Теміржол саласы мамандары мен осы кәсіпті меңгеріп жатқан жастарды қуа­ныш­ты жаңалықпен құт­­тық­тай отырып, еліміз­дің оно­мас­ти­ка заңды­лық­тарын­да ұлт тұлғаларының есімі құн­ды­лық ретінде бекі­тілуі қажет­тігін ұсынамыз.