Саясат • 30 Сәуір, 2024

Мәулен Әшімбаев Сингапур Парламентінің Спикерімен кездесті

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сингапур Парламентінің Спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Сингапур Парламентінің Спикерімен кездесті

Фото: Н.Байбулин

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат білдіріп, Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасында белсенді саяси диалог, берік экономикалық және мәдени байланыстар жолға қойылып, түрлі салада берік құқықтық негіз қалыптасқанын айтты.

«Біз өзара парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Сингапур Парламентімен тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Парламентаралық достық топтарының әлеуетін жан-жақты әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Сингапурмен сауда-экономикалық байланысты арттыруға да мүдделі. Осыған орай Парламент қажетті құқықтық негіз қалыптастыру үшін белсенді жұмыс істеп келеді. Биыл Сенат Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады. Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда Парламенттің атқаратын рөлі зор», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылау барысында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан кешенді әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға да тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстанның жаңа экономикалық үлгісін қалыптастыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған шаралар талқыланды.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Сенаттың заң шығару жұмыстары, қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының алдағы он жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтып өтті. Бұл ретте ол рухани дипломатияны дамыту жолында бірлескен жұмыстың маңызды екенін де тілге тиек етті.

Өз кезегінде Сеа Киань Пэн Қазақстанда түрлі салада жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың нәтижелерін жоғары бағалап, парламентаралық байланысты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • Бүгін, 08:50

Жол құрылысы жандана түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қазақ неге аштыққа ұшырады?

Тарих • Бүгін, 08:35

Әлкей әлемі

Тағзым • Бүгін, 08:25