Оқиға • 02 Мамыр, 2024

«Алматы-Екатеринбор» тас жолында үш адам көз жұмды

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 30 сәуірде Ақмола облысы аумағындағы «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1201 шақырымында Вкусный және Қараменді батыр ауылдарының аралығында болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы-Екатеринбор» тас жолында үш адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Анықталғандай, «Ауди А6» көлігі мен «ГАЗель» соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көліктің 35 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тиісті сараптамалар тағайындалды», деп түсіндірді ведомство. 

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті