Таным • 02 Мамыр, 2024

Танымал суреттің тарихы: «Қара шаршы»

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Суретті көріп, қарапайым қара шаршының не мәнісі бар деп ой­лауы­ңыз мүмкін. Бірақ бұл, шын мәнінде, шаршы емес, тіпті қара да емес.

Танымал суреттің тарихы: «Қара шаршы»

1915 жылы 19 желтоқсанда Петербургте ашылған «0,10» атты футуристикалық көрмесіне Казимир Малевич бірнеше сурет дайындауы керек болған. Уақыт алқымнан алған кезде суретші дайын тұрған туындысына көңілі толмай, қара бояумен бояй салыпты. Міне, осыдан картинаның түрлі түсті бояудан шыққаны анықталды. Кейін көрмеге келушілер дәл осы қарапайым әрі жұмбақ суретке ерекше қызығушылық танытқан. Өйткені мұны түсінген адамға философиялық фор­мула ашылады-мыс. Яғни әлем бір қарағанда тегіс әрі қара ала түсті болып көрінеді. Бірақ адам ғаламға басқа қыры­нан қараса, оның түрлі түсті екенін байқайды.

 

«Тоғызыншы толқын»

па

Иван Айвазовский туындыларының негізгі кейіпкері – теңіз. Оның бұл суретінде де теңіздегі дауылдан кеме апатына ұшыраған адамдар бейнеленген.

Айвазовский теңіздің көз тоймас сұлулығы мен жан түршіктірер қаты­гездігін шебер қабыстыра білген. Та­биғат апатымен соңғы демі қалғанша арпа­лысқан адамдар тағдырының трагедиясы бір көргеннің көңіліне мұң ұялатса да, терең үңілгеннің көзіне үміт символы саналатын түрлі түсті сәуле оттай басылады. Бұл жұмыста суретші өзінің 1844 жылы Бискай шығанағында болған саяхатын бейнелеген. Кейін бұл туынды «Әлемнің 100 ұлы картинасы» кітабына енді.