Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Виза беру рәсімі жеңілдеуі мүмкін

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен АҚШ азаматтарға виза беру рәсімін жеделдетуге ниетті. Вашингтонда екі елдің құзыретті органдары өкілдерінің қа­ты­суымен Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрлігі мен АҚШ Мемле­кет­­тік департаменті арасында консулдық консуль­тациялар өтті. Бұл туралы Қазақ­стан Рес­публикасының Америка Құрама Штатта­рын­дағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Виза беру рәсімі жеңілдеуі мүмкін

Фото: freepik.com

Қазақстан делегациясы СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақа­таев, америкалық делегацияны АҚШ Мемлекет­тік депар­таментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросы Орталық Азия бойынша басқарма­сының директоры Брайан Стиммлер басқарды. Келіссөздер барысында тараптар көптеген мәселені, соның ішінде азаматтардың өзара сапарларын жеңілдету, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүд­делерін қорғау, Қазақстаннан асырап алынған бала­ларға бақылауды күшейту бойынша іс-қимыл­ды талқылады. Көші-қон саласындағы ынтымақ­тастыққа да ерекше назар аударылды. Атап айтқан­да, Қазақстан азаматтарының АҚШ-қа заңсыз көші-қонының жолын кесу бойынша бірлескен шаралар белгіленді.

Консультацияларға қатысушылар туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін екі елдің азаматтары үшін виза беру рәсімдерін оңайлату мен жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысында тараптар тұрақ­ты негізде консулдық мәселелер бойынша ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға және арттыруға дайын­дығын растады.

Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан делегация­сы америкалық «Winrock International» ҮЕҰ өкілдері­мен кездесу өткізіп, оның барысында заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл келешегі талқыланды.