Аймақтар • 03 Мамыр, 2024

Қой жүнінен тыңайтқыш

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күні жоба дайындап, әр салада жаңалық ашып жүрген мектеп оқушылары аз емес. Мысалы, Қазалы ауданындағы №165 орта мектепте «Жасыл мектеп» бастамасы аясында түрлі идея туындап, оқушылар сол арқылы экоөнімдер шығаруға ден қойған.

Қой жүнінен тыңайтқыш

Фото: syrboyi.kz

Мұндағы жылыжайда қияр, қы­­за­нақ, басқа да көкөніс­тер өсіріліп жатыр. Осы мектептің 10-сынып оқушысы Бекзат Жаңабайұлы болашақтағы «Жасыл мектеп» жобасын әзірлеген. Алда ол экоқалдықтарды өңдеу шеберханасын жабдықтап, өсімдіктерге бірнеше тәжірибе жасап көрмекші.

«Жасыл мектеп» – оқушыларды экомә­дениетке тәрбиелеп, мекте­бі­­міздің ауласын таза ұстап, көгал­дан­ды­руды көздейді. Сонымен қатар күн және жел энергиясын телефон ар­қылы басқарып, тоқ көзін үнем­деу­ге арналған жобам да бар», дейді ол.

Аудандағы үздік жобалардың бірі – №95 мектептің 11-сынып оқушысы Ақарыс Қалымбеттің қой жүнінен табиғи тыңайтқыш жасау бастамасы.  Осыдан 2 жыл бұрын басталған ізде­ніс үстінде бізде кәдеге жарамайтын қой жүнінің Ирландия елінде экспортқа шығарылатын бағалы тыңайт­­қышқа айналғанын анықтады. Облыс тұрғындары арасында қой жүні арқылы сәбіз бен картоп егіп, мол өнім алып отырғандар бар еке­нін білді. Жетекшісімен бірлесіп, қолдағы бар бөлшектерден қой жүнін түйір­шік­тейтін құрылғы жасап шығарды.

«Қой жүнінде өсімдіктерге керекті барлық дәрумен бар. Оны кәдімгі табиғи гидропоника деуге болады. Ол кез келген тыңайтқыш орнына жүреді. Құрамындағы өсімдікке қажетті қорек­тік заттар ұзақ уақытқа дейін шірі­мейді», дейді ізденімпаз оқушы.

 

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы