Қазақстан • 06 Мамыр, 2024

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында қанша ер адам жұмыс істейтінін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

фото: Рixabay.com

Мамандардың айтуынша, ер оқытушылардың саны 93 мыңнан асады. Бірақ бұл статистикаға университет оқытушылары кірмейді.

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарында 93 048 ер педагог жұмыс істейді. Оның 13 867-сі колледждерде, 76 502-сі мектептерде, 2 679-ы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етеді», делінген министрлік хабарламасында.