Теннис • 08 Мамыр, 2024

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Римде (Италия) WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Фото: olympic.kz

Юлия Путинцева (№41 WTA) алғашқы матчта корт иесі Мартина Тревизанды (№87 WTA) 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Қазақстан теннисшісі жеке кездесудегі есеп бойынша алға шықты – 2:1.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева төрт эйс пен бір рет қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.